Қаңтардан бастап медициналық анықтамалардың сегіз түрі электрондық түрде берілетін болады

Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Келесі жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде берілетін болады.
"Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге берілетін болады", - деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
075 / е "Медициналық анықтама"
026 / е "ДКК қорытындысы"
073 / е "ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама"
069 / е "Санаторийлік-курорттық карта"
052-2 / е "Баланың денсаулық паспорты"
076 / е "Қаруға рұқсат алу"
038 / е "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама".
eGov Mobile мобилді қосымшасында азаматтарға өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін "edensaulyq" бөлімі іске асырылғанын атап өткен жөн.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың психикасын бақылайтын мониторингтік топ құрды