АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов тергеу органдарының өтініші бойынша 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот басшын қамауға алу санкциясын Астанадағы тергеу соты берді. Ресми мәліметке сәйкес, 6 қарашада тергеуші Орал қалалық сотының төрағасын 10 күнге қамауға алуға өтініш түсірді. Сол күн мамандырылған ауданаралық тергеу соты Жұмағұловты қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды.
"Сондай-ақ Астана қаласының мамандырылған ауданаралық тергеу сотына қалған күдіктілерге қатысты материалдардың түспегенін хабарламаймыз", - дейді сот мамандары.
Айта кетері, 5 қарашада Орал қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұловтың пара алу үстінде ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Онымен бірге екі адвокат та болған. 1,5 миллион теңге сотталған азаматқа қатытсы оң шешімді шығаруға арналған.