"Екатеринбург-Алматы" тас жолы жабылды

Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысының бірқатар жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Қазавтожол".
"8 қарашада сағат 16:30 шамасында "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығында (Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда", - делінген хабарламада.