Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметінен кетті

Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті.
Ақпаратты федерацияның баспасөз қызметі растады.
Барменқұлов федерация президенті болып 2022 жылдың ақпанында тағайындалы.
Айта кетері, шілде айында УЕФА Әділет Барменқұловқа қатысты өзі жетекшілік ететін лигада келісіммен матч ұйымдастырды деген күдікпен тергеу бастағаны мәлім болды.
Соңғы кездері Қазақстан футбол федерациясының, әсіресе, оның президенті Барменқұловтың қызметі мен беделіне қатысты сынның жиілегені айтылды.
Оған дейін 2020-2022 – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, "Kazakhmys Smelting" ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді.
Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің ЭЕМ математикалық қамтамасыз ету кафедрасының ассистенті (1993-1995) болып бастаған.
Әр жылдары мемлекеттік қызметте және өндіріс орындарында басшылық қызмет атқарды.
Қазақстан футбол федерациясына 19 мың доллар айыппұл салынды