АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. "Абай" шахтасында ауысымда болған 155 адам жарықтың сөнуіне байланысты жер бетіне шығарылды, деп хабарлады "Qarmet" АҚ баспасөз қызметі.
"7 қараша күні сағат 20:29-да кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына "Абай" шахтасында электр энергиясы сөнгені туралы хабар түсті. Бұл жағдай "Қарағанды Жарық" ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның мәліметінше жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосты, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды.
"Кәсіпорынның барлық қызметі жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеді. Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді", - деп түсіндірді компания мамандары.