АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ресей Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өз ұсыныстарын жасады, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Ресей жай көмектесіп қана қоймайды, Ресей өз ұсыныстарын жасап үлгерді. Біз президент Тоқаевтың Қазақстанда өткізген референдумын бақылап, оның атом энергетикасын дамыту жөніндегі жоспарлары қолдау тапқанын көрдік. "Росатом" бұл мәселені қазақстандық тараппен шешу үшін өз құзыретін ұсынуға толық дайын. Біз басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және құрылымдарымен ынтымақтастыққа дайынбыз", - деді ол Қазақстандағы келіссөз қорытындысы бойынша.
Қазақстанда 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өтіп, онда сайлаушылардың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдады.
27 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келеді.