Қонаевтағы апат: тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қонаевтағы апаттан кейін үйлерге жылу беріле бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Бүгін Қонаевтың 2-шағын ауданында 2,3,7-тұрғын үйлерге жылу беретін құбыр жарылды. Қазіргі таңда жылу желісіндегі басты жабдық ауыстырылды. №4,5,6,6а,6б,37,38,35,36,34,33,32,31,29-тұрғын үйлерге жылу берілді", - деп жазылған хабарламада.
Ал жарылған құбырлар жөнделген соң, кешкі сағат 16.00-17.00 аралығында 2-шағынаудандағы 2,3,7 үйлерге жылу беріледі.
Қонаевтағы апаттан кейін үйлерге жылу беріле бастады
Аталған мәселе қала әкімінің бақылауында. Жылу орталығындағы 2 бу, 1 су жылытқыш қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.