Қазақстан ТМД инновациялық ынтымақтастық бағдарламасынан не алады

Астанада өткен “Университеттер – ғылым, бизнес және қоғамды тартудың жаңа орталықтары” атты ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осы мәселе талқыланды
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Астанада “Университеттер – ғылым, бизнес және қоғамды тартудың жаңа орталықтары” атты ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Россотрудничество.
“Сколково” қорының атқарушы биліктің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Александр Окунев 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасы туралы айтты.
Бұл бағдарлама негізгі ғылымды ТМД елдеріндегі өндіріспен біріктіреді. Басқаша айтқанда, ғылым зерттеумен, ал өндіріс осы зерттеулерді жүзеге асырумен айналысады.
Бағдарламаға қатысушы әрбір ел, соның ішінде Қазақстан бұдан не алады?
1.
Инновациялық даму;
2.
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі артады;
3.
Елдің әлемдік ғылыми-техникалық, инновациялық және білім беру кеңістігіне интеграциясы.
Александр Окуневтің айтуынша, процеске қатысушылар үлкен қызығушылық танытуда: мәселен, ірі қазақстандық компаниялао ТМД-ның басқа компанияларымен жұмыс істеуге, ал шағын компаниялар нарықты кеңейтуге мүдделі.
“Қазақстан нарығына шығуды қалайтын ТМД елдерінің компаниялары да бар, бірақ олар, мысалы, Өзбекстанның компаниясы ретінде өнімді сатпайды. Бұл шағын компаниялар болғандықтан, олар өз бизнесін құрады. Сосын ол өнім қазақстандық болады. Табыс көзі Қазақстанда қала береді. Бұл бағыт барлығы үшін пайдалы”, - деді Окунев.
Бағдарламаға қандай қазақстандық ұйымдар қатысып жатыр?
“Мәселен, бұл Қазақстанның логистика және көлік академиясы, ол озық тәжірибе орталығы деген мәртебеге таласуда”, - деп мысал келтіреді Александр Окунев.
Оның айтуынша, қазақстандық оқу орны тек ҚТЖ-мен ғана емес, басқа елдердің теміржол компанияларымен де жұмыс істейді.
Сонымен қатар, бағдарламаға “Солнечный Щит” секілді қазақстандық инновациялық компаниялар да қатысуда.
Конференцияға Ресейдің, Қазақстанның және ТМД-ға қатысушы басқа да елдердің атқарушы билігінің, ғылыми және іскерлік қоғамдастықтарының өкілдері жиналды.
Шараны Россотрудничество ТМД Атқарушы комитетінің, Ресей білім және ғылым министрлігінің, ПензМТУ қолдауымен, сондай-ақ “Сколково” қорының қатысуымен ұйымдастырды.
Ресейдің үш қаласында қазақ мектептері ашылады