Павлодарда үстіне ағаш құлап кеткен зейнеткер көз жұмды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Павлодарда аулалардың бірінде ағаш құлап, әйел адамды басып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық жедел жәрдем станциясы.
Оқиға бүгін таңғы сағат 09:00 шамасында болған.
"Естай көшесіндегі үйдің ауласында ағаш адамды басып қалды. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 6 минутта жетті. Өкінішке қарай, әйел алған жарақатынан қайтыс болды: екі жіліншігі, кеуде қуысы, жамбас сүйектері сынған. Омыртқа сынған, ішкі органдарға жарақат келген, 3-4 дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды", - дейді ведомство.
Марқұмның жасы 67-де болған. Ағаш автотұрақта тұрған көлікке де зақым келтірген.
Өзбекстанда таудан үлкен тас құлап, бірнеше адам отырған көлікті басып қалды