Өзбекстанда таудан үлкен тас құлап, бірнеше адам отырған көлікті басып қалды

Көлік Китаб ауданынан Самарқанға бара жатқан
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Өзбекстанның Қашқадария облысында Cobalt көлігінің үстіне алып тас құлады. Үш адам көз жұмды, деп хабарлады Podrobno.uz.
Кейбір мәліметтер бойынша көлікте венгриялық туристер болуы мүмкін.
Китаб ауданы әкімдігі баспасөз хатшысының айтуынша, қайғылы оқиға 6 қараша күні сағат 16:00-де "Тахтакарача" асуында болған. Көлік Китаб ауданынан Самарқанға бара жатқан. Қаза болған азаматтардың кім екені анықталып жатыр.
Әлеуметтік желілердегі деректерге қарағанда салондағы жолаушылар Венгрия азаматтары, жүргізуші Өзбекстан азаматы болған.
Асу уақытша жабылды. Онда жауапты ұйымдардың мамандары жұмыс істеп жатыр.