АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөз жүргізеді.
Кеше түнде Сергей Лавровты Астана әуежайында қарсы алды.
Басты назар Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарын дайындауға аударылады.
Сондай-ақ сапар барысында Ресей Сыртқы істер министрлігі басшысы мен Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің кездесуі жоспарланған.
Бұған дейін Ресей президенті 27 қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні туралы ақпарат жарияланған болатын.