Лавров пен Тоқаев Путиннің Астанаға сапарын талқылады

Ресей президенті Астанада өтетін ҰҚШҰ саммиті қарсаңында Қазақстанға келеді
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Тоқаевпен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз жаңа ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұзақ кездесу өткіздік. Ең алдымен президент Путиннің Астанаға мемлекеттік сапарына дайындықты талқыладық. Сапар 27 қарашада, Қазақстан астанасында өтетін ҰҚШҰ саммиті қарсаңында болады", - деді министр.
Лавров келіссөз барысында тараптар Путиннің Астанаға сапарына бірнеше ондаған құжаттың, оның ішінде президенттер мәлімдемесінің жоғары деңгейде дайындығын мәлімдегенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашада Путин Астанаға ресми сапармен келеді.
Лавров Астанада баспасөз конференциясын өткізіп жатыр – тікелей эфир