АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат, вице-президент Камала Харрис Республикалық партиядан сайлауға түскен қарсыласы, бұрынғы президент Дональд Трампқа телефон шалып, оны сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс Харристің жоғары лауазымды кеңесшісіне сілтеме жасап.
"Харрис сәрсенбі күні сайланған президент Трампқа телефон шалып, оны сайлаудағы жеңісімен құттықтады", - делінген агенттік хабарламасында.
Дереккөздің айтуынша Харрис Трамппен билікті бейбіт жолмен тапсыру мәселесін талқылаған.
Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа жеделхат жолдап, сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.
Қазақстан президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.