Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп жеңісінен кейін Украинада бейбітшілік орнауы мүмкін - сарапшы

Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңісі Украинадағы қақтығыстың аяқталуын тездетуі мүмкін, бірақ әлемнің басқа аймақтарында шиеленіске әкелуі мүмкін, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Вашингтондағы Америка университетінің ядролық зерттеулер институтының директоры профессор Питер Кузник.
"Украинадағы қақтығысты тоқтату оң қадам болар еді, бірақ оның Израиль мен Қытайға қатысты саясаты қатаңдай түседі. Ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Иранның ядролық нысандарына соққы беруге шақырып, Қытай тауарларының тарифін үш есеге көтеруді көздеп отыр. Әлем алға бір және артқа екі қадам жасайды”, - деді сарапшы.
Қазіргі уақытта Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында көш бастап тұр.
Кузниктің айтуынша, Трамптың жеңісіне әлі кепілдік жоқ, бірақ демократтардың жеңіске жету мүмкіндігі өте аз. Өйткені Трамптың қарсыласы Камала Харристің негізгі штат Пенсильваниядағы дауыс беру нәтижесі төмен екенін ескеру керек.
2024 жылғы АҚШ-тағы сайлау: Трамп немесе Харрис? Дауыс беру барысын онлайн бақылаймыз