Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастық жоспарын бекітуі мүмкін – Шойгу

2025-2027 жылдарға арналған жұмыстың үлкен жоспары дайындалды
Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ресей мен Қазақстан ТМД елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі қарсаңындағы консультациялар барысында 2027 жылға дейін әзірленген әскери және техникалық саладағы ынтымақтастық жоспарын қарастырады, деп хабарлады Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу тілшілерге.
"Сонымен қатар әскери және техникалық саладағы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық форматтары талқыланады. Біз келесі жылы не істеуіміз керек екенін айтамыз", - деді ол.
Шойгу "жұмыстардың 2025-2027 жылдарға арналған үлкен жоспары дайындалғанын" және ол бүгін қаралып, бекітіледі деп үміттенетінін айтты.
Әскери қызметтен жалтаруға жол берілмейді – заң жобасы қабылданды