АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Киев Ресейге қарсы тұру үшін "лас бомбамен" арандатуы мүмкін, деп мәлімдеді РФ Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің бастығы генерал-лейтенант Игорь Кириллов.
"Радиациялық бақылаудың халықаралық ақпараттық жүйелері желісін, сондай-ақ жарылған құрылғының сипатын және оның изотоптық құрамын анықтайтын МАГАТЭ аккредиттеген радиохимиялық зертханалардың әлеуетін ескерсек, мұндай әрекетті жасырын жүргізу мүмкін емес", - деді Кириллов брифингте.
"Сонымен қатар Украинада негізінен Ресейде дайындалған ядролық отынның пайдаланылып жатқанын және сақтаулы тұрғанын ескере отырып, Киев режимі мемлекеттік және жергілікті биліктің беделін түсіру, дүрбелең тарату, жағдайды тұрақсыздандыру және сол арқылы арнайы әскери операцияның мақсаттарына қарсы тұру мақсатында Ресей Федерациясының халқына қарсы бағытталған арандатушылық жүргізуі мүмкін", - деді ресейлік генерал.
Кириллов қақтығыс басталар алдында АҚШ радиологиялық қару жаппай қырып-жою қаруы емес едеп мәлімдегенін еске салды.
"Сонымен қатар 2023 жылы, Ресей қорғаныс министрлігі Украина "лас бомба" жасап, оның жарылуына Ресей Федерациясын кінәлауы мүмкін деп алғаш рет алаңдаушылық білдірген кезде Вашингтонның ұстанымы түбегейлі өзгерді. АҚШ бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы радиологиялық қаруды қолдануды айыптайтын резолюцияны енгізіп, қабылдады", - деді Кириллов.
"Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі тиісті федералды атқарушы органдармен бірлесіп, радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылауды, сондай-ақ Украинадан келетін ядролық қауіптерді талдауды жалғастырады және деректерді хабарлап отырады", - деді ресейлік генерал.
Кириллов сонымен қатар АӘО Киевке өзінің ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік бермегенін айтты.