АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары салтанатты қарсы алу рәсімінен басталды, деп хабарлады Ақорда.
Францияда Қазақстан президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
© Пресс-служба президента Казахстана
Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен президент Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.