Маңғыстау облысында 600-ден астам онкологиялық науқасқа жәрдемақы берілмеген

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Маңғыстау облысындағы онкологиялық науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмеген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Маңғыстау облысында онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын науқастардың заңды құқы бұзылған. Бұны облыстық прокуратура анықтады.
"Заңнама талаптарына қарамастан, 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын 661 адам мүгедектікті ресімдей алмаған және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақыны алмаған", - дейді ведомство.
Прокуратураның мәліметінше, дәрігерлер науқастарға қатысты, мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша жұмыстар атқармаған. Науқастардың кейбірі бес жылдан астам "Д" есебінде тұрған.
Бүгінгі күні заң бұзушылықтар жойылып, денсаулық сақтау басқармасы науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткізіп жатыр.
Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды- министрлік