Лавров: Ресей Ереван мен Бакуді бітімге келуге асықтырып отырған жоқ

Sputnik
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ресей тарапы Ереван мен Бакуді асығыс бітімге келуге итермелеп отырған жоқ, деп хабарлады РИА Новостиге РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Біз Әзербайжан-Армян бейбітшілік процесі аясында қол жеткізілген елеулі прогресті құптаймыз. Көп жылғы өшпенділікті, екі жақтан да құрбандар болғанын ескере отырып, біз Баку мен Ереван үшін қалыпты жағдайға жетудің қаншалықты қиын екенін түсінеміз", - деді ресейлік министр.
"Мұның бәрі тараптардың өзара қолайлы шешім табудағы елеулі күш-жігерін ғана емес, уақытты да қажет етеді. Осы себепті, біз батыстық жалған бітімшілер секілді асығыс бейбіт келісім жасауға итермелемейміз", - деді ол.
Лавровтың айтуынша, ресейлік тарап "Баку мен Ереванның ұстанымдарын, сондай-ақ "жердегі" ақиқатты ескермей, асығыс бітімге келу, жақсылыққа әкелмейді, керісінше, шиеленіс және қақтығысты өршітіп, қосымша тәуекелдер тудырады мүмкін.
"Ресей Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа мүдделі", - деді РФ СІМ басшысы.
Қазақстан өз компанияларына зиян келтірмеу үшін сақтық танытуға мәжбүр – Лавров