2024 жылдың 26 қазаны мен 15 желтоқсаны аралығында Мәскеуде жабайы табиғат тақырыбына арналған "Алтын тасбақа" XVIII халықаралық фестивалі өтуде. Бұл қоршаған әлемнің байлығы, сұлулығы мен алуан түрлілігі туралы баяндайтын байқау.
Биыл байқауға 109 елден 438 жұмыс келіп түскен. Суреттер экология, табиғат, жануарлар мен планета ресурстарын қорғау тақырыбына арналған.
Қатысушылар бірнеше номинация бойынша үздік фотограф атағын тартысқа салды. Олардың ішінде: "Жануарлардың әдеттері", "Жануарлар портреті", "Су асты әлемі", "Өсімдіктер", "Өсімдіктердің сиқыры", "Мобильді сурет".
Қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегін жаулаған ең үздік суреттерді көріңіз!