Жөндеу жұмыстарынан кейін Қашаған толық қуатпен жұмыс істеп жатыр

Қашағандағы өндіріс толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрлігі
Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. 2024 жылдың 7-28 қазаны аралығында Қашағандағы өндірісті толық тоқтата отырып, жаңа кіріс газ сепараторын қосу және іске қосу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда кен орны 51 мың тонна өндіру деңгейіне жетті.
Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі болып саналады. Кен орнынан алынатын қор 9 миллиардтан 13 миллиард баррельге дейінгі мұнайды құрайды. Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.
2030 жылға қарай сұйытылған газ тапшылығы болмайды – энергетика министрлігі