АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында қоқыстан Мемлекеттік рәміздер табылды.
Қоқыста жатқан рәміздердің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облысының полиция департаменті Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Талғар аудандық полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырды. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады", — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.