АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Кентау қаласында арнайы операция кезінде "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының жасырын тобы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жасырын топтың мүшелері терроризм идеяларын таратқан. Сондай-ақ, өзге діни көзқарасы бар адамдардың наным-сенімін қорлау әрекеттері анықталды.
"Топ мүшелері * "Хизб-ут-Тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
*"Хизб-ут-Тахрир" - Ресейде және Қазақстанда тыйым салынған ұйым