Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ-сыз Еуропа Украинадағы қақтығысқа төтеп бере алмайды - Орбан

Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Егер АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп президент сайлауында жеңіске жетсе, Еуропа Украинадағы қақтығысқа төтеп бере алмайды және бейбітшілікті қолдауға мәжбүр болады, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, деп хабарлады РИА Новости.
Оның пікірінше, 7 қарашада Будапештте өтетін Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммитінде Еуропа тап болған қазір жағдайды өзгертуге тырысу керек.
“Егер АҚШ-та билікке бейбітшілікті жақтайтын президент келсе, нәтижесінде АҚШ бейбітшілік жағында болса, онда Еуропа соғысты жақтай алмайды. Еуропа бір өзі бұл соғыс ауыртпалығын алып жүре алмайды. Егер Америка бейбітшілік жолын ұстанатын болса, онда біз де соған бейімделуіміз керек”, - деді Орбан Kossuth радиосының эфирінде.
Орбан АҚШ-тағы сайлау үлкен өзгеріс әкелетінін, демократтар кетіп, республикашылар келе жатқанын айтты.
Венгрия премьер-министрі өткен жылы Еуропада “Патриоттар Еуропаны қолдайды” саяси альянсы құрылғанын, ол Еуропарламенттегі үшінші фракцияға айналғанын және алдағы уақытта “көпшіліктің күшіне айналатынын” мәлімдеді.
“Осы жылдың соңына қарай Батыста бейбітшілікті жақтайтын саяси күштер басым болады”, - деді ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина қақтығыс кезінде НАТО-ға мүше бола алмайды - Шольц