АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы құжаты толық емес тұрғын үйлердің жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тізімге құрылыс құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқыған және басқа да кемшіліктермен салынған бірқатар тұрғын үй кешені енгізілді.
"Айта кетері, тізімге құрылысы әлі басталмаған нысандар да кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады", - дейді мамандар.
Алматыда жылжымайтын мүлікті сатып алардың алдында қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 нөміріне хабарласып, тұрғын үй кешенін салуға қажетті құжаттардың бар-жоғын білуге болады.
Толық құжаты жоқ тұрғын үйлердің жаңартылған тізімін мына жерден көріңіз.