АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов VII Қытай халықаралық импорт кормесіне (CIIE) қатысады. Бұл туралы ҚХР сырты істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Министрліктің ресми сайтындағы жарияланған мәлімдемеге сәйкес, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік кеңесінің премьері Ля Цяннің шақыруымен көрменің ашылуы салтанатына және одан кейінгі шараларға Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим, Өзбекстанның премьері Абдулла Арипов, Словакия үкіметінің басшысы Роберт Фицо, Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов, Моңғолия премьері Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ мен Сербия үкіметінің басшысы Милош Вучевич қатысады.
Айта кетері, VII Қытай халықаралық импорт кормесі (CIIE) 5-10 қараша күндері Шанхай қаласында өтеді. Шарада бірнеше тақырыптық бөлімдер болады. Олар:
• автомобиль өнеркәсібі;
• жоғары технологиялық құрал-жабдықтар мен ақпараттық технологиялар;
• медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек;
• тұтыну тауарлары;
• қызмет саудасы;
• азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдері.