Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

Сайлаудың бірінші турында Санду 42,45%, Стояногло 25,98% дауыс жинады
Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Бүгін Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Майя Санду мен экс-бас прокурор, Гагаузия тумасы Александр Стояногло таласады.
Санду еуропалық интеграцияны, жалған ақпаратпен күресу үшін БАҚ-қа бақылауды күшейтуді жақтайды және Ресейге қарсы саясат ұстанады. Стояногло Еуропамен интеграцияны қолдайды, бірақ Ресеймен прагматикалық ынтымақтастыққа қарсы емес.
Сайлаудың бірінші кезеңінде Санду 42,45%, Стояногло 25,98% дауыс жинады. Екінші турда көп дауыс жинаған үміткер жеңіске жетеді.