АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Украина қарулы күштері бақылауындағы аумақтан шығарылған америкалық Дэниэл Мартиндейл бүгін алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.
Ол екі жыл бойы Ресейге Украина әскери нысандарының координаттарын беріп келген, деп хабарлайды РИА Новости.
Дэниэл Мартиндейл баспасөз мәслихатына қатысты
© Sputnik
Дэниэл Украинаға Польшадан 2022 жылы келген. Миссионер болған ол жағдайды мұқият бақылап отырған.
Ол 27 қазанда Богоявленка (ДХР) ауылы маңында майдан шебін кесіп өтіп, өзін эвакуациялаған Ресейдің 29-шы армиясының сарбаздарына алғысын білдірді.
Ол 27 қазанда Богоявленка (ДХР) ауылы маңында майдан шебін кесіп өтіп, өзін эвакуациялаған Ресейдің 29-шы армиясының сарбаздарына алғысын білдірді.
Дэниэл Мартиндейл баспасөз мәслихатына қатысты
© РИА Новости
"Украинаның ұшқышсыз ұшақтарынан қауіп-қатер болды, артиллериядан атқылады, бірақ мені Ресей аумағына эвакуациялады", - деді ол.
ДХР-дың қорғаныс штабы қазан айында америкалық азаматтың Богоявленка ауылына шабуыл дайындау кезінде маңызды рөл атқарғанын хабарлаған болатын. Сол кезде оған саяси баспана мен Ресей азаматтығын беру мәселесі де қаралып жатқан.
Мартиндейл Мәскеуге өз еркімен келдім деп отыр. Өзінің төлқұжатын да көрсетті.
"Менің атым - Дэниэл Мартиндейл. Міне, менің төлқұжатым. Менімен бірге соғыстан өтті. Қазіргі жағдайын көріп отырсыздар", - деді Мартиндейл “Россия сегодня" медиа-тобында өткен баспасөз мәслихатында.
Дэниэл Мартиндейл
© РИА Новости
Оның айтуынша, баспасөз орталыққа келуге ешкім мәжбүрлеген жоқ.
"Ақыл-есім дұрыс, қазір бәрін өз еркіммен істеп отырмын. Сіздермен бірге бүгінгі шараға шығарылып отырған мәселелерді талқылап отырғаныма өте қуаныштымын", - деп атап көрсетті ол.
Дэниэл ресейлік күш құрылымдарымен қалай байланыс ұстағанын айтып берді.
"Олар маған ұшқышсыз аппартпен телефон беріп жіберді. Соның көмегімен байланыс ұстап отырдық. Сол үшін өз ризашылығымды айтамын", - дейді Мартиндейл.
Дэниэл Мартиндейл баспасөз мәслихатына қатысты
© РИА Новости
Баспасөз мәслихатында Америка азаматы Ресей азаматтығын алғысы келетінін де айтты.
"Ресейлік төлқұжат жайында айтар болсақ, оны қалаймын", - деді Мартиндейл.
Дэниэл 2001 жылғы лаңкестік әрекеттерді де еске алды. Оның айтуынша, жауапкершілік АҚШ үкіметінің мойнында.
"Біз, АҚШ консерваторлары, әу баста үкіметтің жау екенін білдік. Ал олар өз азаматтарына қарсы соғыс ашқанда бұның бәрі сол үкіметке қарсы шығуымызға себеп болды. Сол себепті АҚШ-қа қайтып барғым келмейді", - деп атап көрсетті Мартиндейл.
Ол Вашингтон әлемге қарсы күресіп жатқанын тілге тиек етті.
Дэниэл Мартиндейл баспасөз мәслихатына қатысты
© РИА Новости
Оның айтуынша, украиналықтар мен орыстар бір-біріне қатты ұқсайды.
"Саясат болмаса, айырмашылық мүлдем жоқ. Мінез жағынан ол адамдар орыстарға ұқсайды. Олар да тура сондай ашық, бір-біріне достық ілтипатпен қарайды", - дейді Мартиндейл.
Дэниел Мартиндейл
© РИА Новости