АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 12 жастағы қызды алты жыл бойы зорлап келді деп күдікке ілінген ағайындының екіншісі де ұсталды.
Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығында қол түсті.
“Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бірінші күдіктіні полиция қызметкерлері қылмыс анықталғаннан кейін көп ұзамай ұстаған.
Бұған дейін Жамбыл облысында 12 жастағы қызды әкесінің екі інісі алты жылдан бері зорлап келгені туралы хабарланған болатын. Жасөспірімнің қазір жүктіліктің жетінші айында екені анықталды.