АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Астанадағы “Русский дом” “Үлкен этнографиялық диктант” атты жаңа ауқымды халықаралық акция туралы хабарлады.
Үлкен этнографиялық диктант – әртүрлі халықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын танытатын танымдық жоба.
Ол бүкіл әлемде өтеді, оған Қазақстан тұрғындары да қатыса алады. Ұйымдастырушы – Ресейдің ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттігі.
1 қарашадан 8 қарашаға дейін сайтқа кіру қажет. “Диктант тапсыру” батырмасын басыңыз, содан кейін түрлі деректерді толтырып, 30 сұраққа жауап беру қажет. Содан кейін қатысушы сертификатын жүктеп аласыз.
Диктант тапсыру уақыты - 45 минут. Барлық тапсырманы орындау үшін жоғарғы балл – 100.
Қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2017 жылы диктантқа 367 мың адам қатысса, 2023 жылы 3,4 млн адам қатысқан.