Қытай компаниясы Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Ақмола облысы әкімдігі мен қытайлық инвестор арасында бидай өңдеу зауытын салу бойынша келісімшарт жасалды. Бұл аймақта бір мың жаңа жұмыс орнын ашады.
Ал француздық Alstom компаниясы Шу қаласында электровоздарға қызмет көрсету орталықтарын салуды бастап кеткен. Жоба құны 50 млн евроны құрайды. Бұл туралы Астанада премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлады 24kz.
Жиынға әлемнің 500-ден астам жетекші халықаралық компаниялары, отандық бизнес өкілдері мен сарапшылар қатысты. Форумда жалпы құны 7 млрд доллар болатын 32 құжатқа қол қойылды.
Жасалған келісімшарттар аясында елдің шикізаттық емес секторына, атап айтақанда, қайта өңдеу саласына қомақты инвестиция құйылмақ.
"Отандық компаниялар ірі инвесторлармен жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинап, сапа стандарттарын арттырады. Қазақстандағы кадрларды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді", - деді премьер-министр.
Басым инвестициялық жобалар үшін рұқсат беру рәсімдерінен өтуді жеделдететін "Жасыл дәліз" немесе Fast-track тетігі іске қосылады.
Әлемдік нарықта бидай мен арпаның бағасы өсті