Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Осы айдан бастап бірқатар өңірде электр энергиясының тарифтері көтеріледі. Ал сұйытылған газды сыртқа сатуға қатысты шектеудің мерзімі тағы ұзартылады.
Көлік жүргізушілері осы айда шиналарын ауыстырып үлгеруі керек. Әйтпесе, айыппұл төлеуге тура келеді. Sputnik Қазақстан 1 қарашадан бастап елде болатын маңызды өзгерістерді ұсынады.

Шинаны ауыстырып үлгеріңіз!

30 қараша - автокөліктің дөңгелегін ауыстыратын соңғы күн. Көлік жүргізушілері 1 желтоқсанға дейін қысқы маусымға дайындықты аяқтауы қажет. Заң бойынша шинаны ауыстырмағандарға айыппұл салынады.
Айыппұлдың мөлшері
5 АЕК (18 460 теңге)
бір жыл ішінде қайтанған жағдайда 10 АЕК (36 920 теңге);

Тарифтер өседі

Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгеріс енгізілді. 1 қарашадан бастап тарифтер өседі.
Олар:
бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;
екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
18-топ ("Степногорск ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
28-топ ("Жаңажолская ГТП" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
48-топ (ТНК "Қазхром" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін;

Экспресс-бағдарларға айлық тариф енгізілді

Астанада 1 қарашадан бастап экспресс-бағдарларда айлық тариф енгізіліп отыр. Оны 16 қазаннан бастап CTS кассалары және Kaspi мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады.
Айлық жол жүру тарифтері:
"Қала+Экспресс" - 10 000 теңге;
"Қала+Экспресс+Қала маңы" - 13 500 теңге;
Айта кетері, экспресс-бағдарларда жол жүру ақысы 250 теңгені құрайды. Мектеп және жеңілдікті көлік карталары жарамды.

Оқушылар каникулдан шығады

4 қарашада мектеп оқушылары күзгі демалыстан шығады. Олар үшін оқу жылының II тоқсанын басталады. Бірақ алда әлі қысқы және көктемгі каникулдар бар.
ІІ тоқсандағы қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда)
ІІІ тоқсандағы көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда)
Ал бірінші сыныптарда қосымша демалыстар болады - 7 күн (2025 жылғы 3 ақпаннан 9 ақпанды қоса алғанда)

Үздік сынып жетекшісі анықталады

Қараша айында оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен "Үздік сынып жетекшісі – 2024" республикалық байқауының жеңімпаздары анықталады. Байқау тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған.
Оған барлық орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатыса алады. Жеңімпаздар үш кезеңнен өтуі керек. Бұған дейін аудандық және облыстық іріктеулер өтті.
Ал III кезең (республикалық) 2024 жылғы қараша айында Астана қаласында өтеді.

Салық төлеу жеңілдей түседі

11 қарашада Қазақстанда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдететін инновация – шоғырландырылған төлем тапсырмасы күшіне енеді.
Бұл маңызды өзгеріс жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін салық рәсімдерін оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекетпен есеп айырысудағы ашықтық пен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған.
Шоғырландырылған төлем тапсырмасы – салықтың бірнеше түрін бір төлем тапсырмасымен аударуға мүмкіндік беретін бірыңғай құжат. Бұрын әрбір төлемге бөлек тапсырма жасау керек болған.

"Медеу" жаңа маусымын ашады

1 қарашада "Медеу" мұз айдыны техникалық режимде іске қосылады. Оған барлық тілек білдірушілер сеанс кестесіне сәйкес бара алады. Ал 2 қарашада жаппай сырғанаудың жаңа маусымының салтанатты ашылуы өтеді.
Салтанатты ашылу бағдарламасы сағат 12:00-ден 15:30-ға дейін жалғасады. Келушілер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қарастырылған.
Алматы спорт ғимараттарының дирекциясы кептелістер мен тұрақ қиындықтарын болдырмау үшін билеттерді www.medeu.kz ресми сайт арқылы сатып алуды және қоғамдық көліктерді пайдалануды ұсынады.
"Медеу" ашылатын күні №12 автобус бағытын мұз айдынына дейін ұзарту жоспарланып жатыр.
Автобустар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 8:00-ден 01:00-ге дейін жүреді.

Газды сыртқа сатуға шектеу ұзартылады

Бұған дейін энергетика министрлігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрығымен газды экспорттауға тыйым салынған болатын. Шектеудің мерзімі 2024 жылдың қарашасына дейін болған. Ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін экспортқа тыйым салуды тағы 6 айға ұзартуға шешім қабылданды.
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Қарашада неше күн демаламыз?

Қараша айында Қазақстанда мереке күндері жоқ. Сол себепті аптасына бес күн істейтіндер тек сенбі және жексенбі күндері демалады.
Кредит төлеу шарттары жеңілдетіледі – заң жобасы әзірленді