Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХ аймақаралық ынтымақтастық форумы Уфада өтеді

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. 26-27 қарашада Уфада Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХ аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді, деп хабарлады форумның баспасөз қызметі.
"Форум Қазақстан мен Ресей аймақтарындағы компаниялармен, соның ішінде Башқұртстанның инвестициялық әлеуетімен танысуға, тәжірибе алмасуға және Башқұртстан Республикасында бизнес ашу шарттары туралы білуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Іскерлік бағдарламаға мыналар кіреді:
мемлекет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс,
сауда, инвестиция, көлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша панельдік сессиялар,
Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы,
іскерлік байланыстар биржасы.
Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің үздік дизайнерлерінің сән көрсетілімі, гастрономиялық және музыкалық фестивальдер өтеді.
Форум аясында "Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігі: тәжірибе алмасу және серіктестік перспективалары" атты жас лидерлер форумы өтеді.