Байқоңыр ғарыш айлағына кірген француз бен неміс бір тәулікке қамауға алынды

Ұсталған шетелдіктерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды
Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Франция мен Германиядан келген екі турист Байқоңыр ғарыш айлағына рұқсатсыз кіргені үшін бір тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады РИА Новостиге Қызылорда облысының прокуратурасы.
"Байқоңыр" кешенінде РФ ІІМ департаментінің қызметкерлері 2003 жылы туған Франция азаматы Гийон Аксель Оливье Робер мен 1998 жылы туған Германия азаматы Лоренц Юлиан Карл Юргенді "Байқоңыр" ғарыш айлағының аумағында рұқсатсыз серуендегені үшін ұстады", - делінген прокуратураның хабарламасында.
Тексеру барысында Франция және Германия азаматтары Қазақстан Республикасына саяхаттау мақсатында келіп, "Энергия" зымыранын көруге барғаны анықталды.
Ұсталған шетел азаматтарына қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 20.17-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 2024 жылғы 30 қазанда Байқоңыр кешеніндегі Әскери гарнизон сотының шешімімен бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды, содан кейін олар кешен аумағынан шығарылды.