Павлодар облысында Доре құймасын шығару жоспарланып отыр

Президентке бағалы және түсті металдарды игерумен айналысатын ірі компанияның Қазақстандағы қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет беріліп, алдағы уақытқа арналған жоспары таныстырылды
Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Solidcore Resources plc компаниясы Павлодар облысында "Ертiс ГМК" жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастады. Бұл туралы баяндалды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның бас атқарушы директоры Виталий Несисті баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Болашақ зауыт жылына 300 мың тонна концентрат шығара алады. Құрамындағы алтынның үлесі 98 пайызға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Виталий Несис Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыда геологиялық зертхана салу жоспарын таныстырды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы компанияның отандық өнеркәсіпке қажетті инженер мамандар даярлау мақсатында қабылдаған шараларының маңызы зор екенін атап өтті.