Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Астана әуежайында ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астана қаласының халықаралық әуежайында алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Әзербайжан елінің азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.
Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстанда 15 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды