АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Испания билігінің алдын ала мәліметі бойынша Валенсияда зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - делінген хабарламада.
Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 90-нан асты. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.