АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.
Ақтөбе қаласының прокуратура анықтағандай, есепші 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын қолды қылған.
Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.
Есепшіге қатысты ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) іс қозғалды..
Іс Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды. Сот шешімімен есепші кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.