Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйде жұмысшы қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қарағанды қаласында салынып жатқан тұрғын үйде жұмысшы қайтыс болды. Ал жарақат алған тағы бір адам жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 277-бабы (құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бабы бойынша тергеу шараларын бастады.
"Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Ал денсаулық сақтау басқармасы сол жерде тағы бір адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады. Оны Мақажанов атындағы көпсалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызды, жағдайы ауыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған ер адам лифтші болып істеген. Қайғылы оқиға кезінде лифт құлап кеткен.
Айта кетері, құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк бұзудың салдарынан абайсызда адам өлімі болса, кінәлі адамды алты жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келді