АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 5 шілдеденг бастап Қазақстанда адамның қоғамда жайлы тұруының барлық саласына қатысты тұрғындардан өтінімдер берудің жаңа сервисі @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, оған кіргеннен кейін пробле бар жердің мекен-жайын көрсетіп, фотосурет жүктеп, мәселеге қатысты түсініктеме беру мүмкіндігі бар.
"Өтінім түріндегі барлық ақпарат жергілікті атқарушы органның операторына келіп түседі, ол өтініштерді іріктеп, орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты орындаушының тапсырманы орындайтын уақыты автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы фотосуретті және қажет болған жағдайда тиісті түсініктемелерді қосады", – деп, вице-министр алгоритмді түсіндірді.
Пайдаланушылардың ыңғайы мен жауапты орындаушыларды анықтау үшін барлық проблемалық мәселе 17 санатқа бөлінеді: саябақтар мен аллеяларды, үйлерді тазалау, жарықтандыру, абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, аула алаңдарының жай-күйі.
Кері байланыс ретінде өтініш беруші ЖАО рейтингін белгілеу мүмкіндігімен орындаушыны тағайындау және жұмыстарды аяқтау туралы хабарлама алады. Чат-бот іске қосылғаннан бері 6 мыңнан астам өтінім келіп түсті.