Банкрот деп тануға өтініш бергендердің төрттен үш бөлігі талапқа сай болмай шыққан

Банкрот деп тану туралы өтініштердің жартысынан көбін 18 бен 41 жас аралығындағы адамдар берген
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 2024 жылдың 19 қазанындағы мәлімет бойынша өзін банкрот деп жариялауға 266 млрд теңгеге 124,5 мың өтініш қабылданса, оның 75%-ына (200,6 млрд теңгеге) бас тартылған, деп жазды Ranking.kz.
Банкроттықтан бас тартуға өтініш берушінің мүлкі болуы, сондай-ақ төленбеген қарыздың мерзімі мен сомасының сәйкес келмеуі негізгі себеп болды.
42,1 млрд теңге сомасына 17,5 мың өтініш бойынша банкроттық мақұлданды. 4,8 млрд теңге болатын тағы 3,7 мың өтініш қаралып жатыр. Енді ғана қабылданған тағы 7,9 мың өтініш кезек күтіп тұр.
Банкрот деп тану туралы өтініштердің жартысынан көбін 18 бен 41 жас аралығындағы адамдар берген: 73,5 мың. 42 жастан 65 жасқа дейінгілер 48,6 мың және 66 жастан 88 жасқа дейінгі 2,5 мың өтініш қалдырған. 64,2 мың өтінішті ерлер, 60,3 мыңын әйелдер берген.
Банкрот деп тану туралы өтініштердің үштен бір бөлігі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен – Түркістан (15,2 мың), Жамбыл (9,8 мың) және Қызылорда (9,1 мың) облыстарынан, сондай-ақ Шымкент (6,4 мың) қаласынан түскен. Өтінімдердің едәуір бөлігі Алматы облысында (14,8 мың), сондай-ақ Алматы (10,5 мың) және Астана (8,6 мың) қалаларында берілді.
Жалпы республика бойынша өтініш бергендердің әзірге 14%-ы ғана банкрот деп танылды.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 3 наурызынан бастап Қазақстанда азаматтың өзін банкрот деп жариялау құқығын қарастыратын заң күшіне енді.