Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан сәбидің денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды.
Алматы облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, жедел іздестіру жұмыстары барысында баланың анасы табылған. Оның үстінен бала өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдікті ауруханаға жатқызылды. Баланың анасы белгілі тұрағы жоқ әйел болып шықты.
Алматыда қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды