Тоқаев: Қазақстан моңғол студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын

Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан моңғол студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Моңғолияда екі ел делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізілді.
"Қазақстандық туроператорлар моңғол туристеріне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан ежелгі Түркістан қаласын таныстыра алады. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның мазары тұрған Ұлытау облысын және басқа да туристік орындарды көрсетуге болады. Сондай-ақ біз Моңғолиямен Алтай туризм кластерін дамытуға және ортақ туристік бағыттарды қалыптастыруға мүдделіміз", – деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтудың мән-маңызына тоқталып, Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқаны үшін моңғол спортшыларына алғыс айтты.
Сондай-ақ екі ел ғалымдарын ортақ бай тарихи мұрамызды бірлесе зерттеуге шақырды.
Тоқаев Моңғолия президентін келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Ал Моңғолия басшысы Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанды Моңғолияның маңызды серіктесі, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір екенін атап өтті. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел арасындағы тауар айналымын 500 миллион долларға дейін жеткізу туралы ұсынысын қолдады.
Киіз үйдегі кездесу: Моңғолия президенті Тоқаевқа сыйлық жасады