Қыз зорлады деп күдікке ілінген Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Жаңқош Тұраров енді қазір тергеліп жатқан жоқ. Боксшыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.
"Іс жүргізу шеңберінде сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша зорлау фактісі расталмаған", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, тамыз айында белгілі босшыға қатысты Алматы қаласының Әуезов ауданының полиция департаменті іс қозғаған.