Қазақстан ЕАЭО елдерімен жүк тасымалдау көлемін арттырды

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, Қазақстан жүк тасымалдау көлемін 7%-ға, Ресей 6%-ға, Қырғызстан 8,6%-ға арттырған. Арменияда көлем 13,2%-ға төмендеді
Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикалық мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың сегіз айында ЕАЭО елдерінде көліктің барлық түрімен жүк тасымалданды:
Қазақстанда – 685,7 млн. Бұл бір жыл бұрынғыдан 44,8 млн тоннаға немесе 7%-ға артық.
Ресейде – 6 232,2 млн. Бұл бір жыл бұрынғыдан 353,5 млн тоннаға немесе 6%-ға артық.
Қырғызстанда – 32,8 млн тонна. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,6 млн тоннаға немесе 8,6%-ға артық.
Арменияда – 10,5 млн тонна. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,6 млн тоннаға немесе 13,2%-ға аз.
ЕЭК Беларусьтегі жүк тасымалы туралы мәліметтерді ұсынбады.