Елордада ескі үйлердің орнында саябақ ашылды

Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Елордадағы Жеңіс даңғылында бос тұрған жер мен ескі үйлердің орнына жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.
Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жаңадан ашылған алаңның ауданы 0,37 гектарды құрайды.
Жаңа қоғамдық кеңістіктің аумағында әртүрлі жастағы адамдарға арналған ойын алаңдары бар екі қабатты "Аспан ағашы" балалар кешені орнатылған. Сондай-ақ спорт алаңдары мен беседкалар қарастырылған.
Жаңа алаңның ерекшелігі – ерекше қажеттіліктері бар балалар ойнай алатын инклюзивті аймақтар. Сонымен қатар бұрыннан өсіп тұрған барлық ағаш сақталып, қосымша 100-ден астам үйеңкі, қарағай және бадам отырғызылды.
Айта кетейік, биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Ондай жұмыстар қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарында қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталған.
Астанада Кенесары хан ескерткіші апатты жағдайда тұр