Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО мен ЕО Украинаны қабылдауы керек – Финляндия президенті

Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Финляндия президенті Александр Стубб НАТО мен Еуроодақтың Украинаны қабылдауға тиіс екеніне сенімді және бұл үшін Ресейге жауапкершілік жүктеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинаны ерте ме, кеш пе, НАТО да, ЕО да қабылдайды", - деді Стубб немістің Spiegel журналына берген сұхбатында.
"Мен нақты күнді атай алмаймын, бірақ Кремльге айтарым: осы жағдайға сіздер жеткіздіңіздер", - деп атап өтті Финляндия президенті.
Маусым айында Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу бастамаларын жариялады: ол Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскері шығарылғаннан кейін Мәскеу атысты дереу тоқтатып, келіссөз жүргізетінін мәлімдеді.
Бұған қоса, Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын мәлімдеп, бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауы керек. Путин бұл тұрғыда Ресей Федерациясына қарсы санкцияларды жоюды да талап етті.