АЛМАТЫ, 28 қазан - Sputnik. Каспий жағалауында итбалықтар қырылып қалды, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Солтүстік-батыс және батыс бағытта дауыл басталғанда Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі жағалаудан өлі итбалықтардың ұшалары табылды.
"24 қазанда Түпқараған ауданына қарасты Каспий теңізі жағалауынан 51 дана итбалықтың өлексесі табылды. 25 қазанда осындай 100 дана итбалық табылды", - дейді ведомство.
Жиналған 151 дана итбалықтардың ұшаларынан "Гидробиология және экология институты" токсикологиялық, гистологиялық және вирусологиялық сынамаларын алуда. Сол жерде "Гидробиология және экология институтының" 6 қызметкері жүр.
Әкімдіктің мәліметінше итбалықтардың ұшалары қатты іріп кеткен.
Қазіргі уақытта Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізіліп жатыр.