Павлодарда ТМД іздеу жасақтарының форумы өтті

Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мемориалына гүл шоқтарын қойып, Әскери даңқ мұражайы мен Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады
Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Павлодарда Еуразия инновациялықуниверситетінің Жоғары колледжі, павлодарлық "Майдан жолы" іздеу жасағы және Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған ТМД елдері іздестіру жасақтарының халықаралық форумы өтті, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Форумға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Молдовадан келген 50-ден астам ерікті қатысты.
"Талқылау барысында қатысушылар жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің, жастардың бастамаларын қолдаудың және тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын айтты", - делінген хабарламада.
"Россотрудничество" өкілдігі басшысының орынбасары вице-консул Александр Дяченко тарихи жадыны сақтаудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын айтты.
"Майдан жолы" жасағының командирі Александр Шитов жасақтың 15 жылдық еңбегі батырлар жадының мәңгілік екенін дәлелдейтінін ерекше мәлімдеді.
Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мемориалына гүл шоқтарын қойып, Әскери даңқ мұражайы мен Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады.
Форум қорытындысы бойынша ұйым өкілдері мұндай шаралар байланыстарды нығайтуға және іздестіру қызметіндегі өзара әрекетті дамытуға көмектесетінін мәлімдеді.