Баланы балкон арқылы құтқарған: полицей "Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды

Награданы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті
Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Кентаулық учаскелік полиция инспекторы "Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Кентаулық полицей Есімхан Бағзатхан "Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды
Есімхан Бағзатхан екі рет адам өмірін құтқарып қалған. Атап айтқанда, пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарған. Сондай-ақ 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалады.
"Ерлігі үшін" төсбелгісі
Награданы президенттің тапсырмасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды "Жаса, жайна, Қазақстан!"салтанатты іс-шарасында табыс етті.